ТКШ

Алдағы демалыс күндері қалада су болмайды

Алдағы демалыс күндері қалада су болмайды. Су беру жұмадан сенбіге қараған түні, яғни қыркүйектің 17-сі түнгі 12-ден кейін тоқтатылады. Бұл шараны “Қызылжар су” серіктестігі су құбырларын тазарту мақсатында жүргізеді. Мамандардың сөзінше, жуып-шаю мен дезинфекциялау жұмыстары екі тәулікке жалғасады. Дегенмен, ауқымды шаруа ертерек аяқталуы да мүмкін екен. Бұл жағдайда тіршілік нәрі жексенбі күні таңертең кейбір жерлерде берілуі ықтимал. Бірақ, тазалау шараларынан кейін қосылған суды бір-екі күн ішуге болмайды, сейсенбіге дейін тек тұрмыстық мақсатта пайдаланған абзал.

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры:

– Мұндай тазарту жұмыстарын жылда жүргіземіз. Осы ретте тиісті су қорын алдын ала әзірлеп алу қажет. Кәсіпорын мамандары суды демалыс күндері жұмыс істейтін ауруханалар мен мектеп-интернаттарға, әскери мекемелерге ғана жеткізіп береді.

Дана Ешкенова