Құқық қорғау органдары

«Абайлаңыз – балалар!» акциясы өткізілуде

Петропавл көшелеріндегі қозғалыс тығыз. Жаңа оқу жылы басталысымен көлік көбейе түсті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша жол-көлік оқиғаларының жиілеу қаупі артқан. Осы орайда облыс орталығында «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіруде.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПБҚ аға инспекторы:

–  Аталған сабақта оқушылар өздерінің үйден мектепке дейінгі қауіпсіз бағыты бойынша сурет салды. Себебі, ұл-қыздар мектеп пен үйдің арасында өздері қатынайды. Сондықтан, олардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы маңызды.

Бердимурат Баймухан