ТКШ

Жылыту маусымына дайындықты 1 аптаның ішінде аяқтау керек

Жылыту маусымына дайындықты 1 аптаның ішінде аяқтау керек. Петропавлда көпқабатты 1100-ден астам баспана болса, соның 85 пайызы бүгінде қауырт маусымға әзір.

Яғни, тұрғындар құбырларды жуып-шайып, арнайы паспортқа қол жеткізген. Алайда, басқалары тиісті шаруаны атқаруға асықпай жатыр. Былтыр жылу желісін уақытылы тазаламағандықтан Ж.Жабаев көшесі бойында орналасқан 123-ші үйдің құбыры жарылып кеткен. Үйдің тұрғындары қақаған қыста 4 күн бойы жылусыз отырды. Мұндай жағдай орын алмасы үшін жаз бойы жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Жақында тиісті тексерістен өткен.

Надежда Шагирова,  ПИК төрайымы

– Арнайы мамандар шаруаны 1-ақ күнде тындырып берді. Жылдың басындағы жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Ол үшін тиісті тексеріс шараларының барлығын жүргіздік.

Алмас Ілиясов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

– ПИК төрағаларына ескертулер жіберілді. Бірнеше рет айтылды.

Маржан Қасымбек