ТЖ

Құтқарушылар аңшылық дүкендерде рейд өткізуде

Өңірде қазіргі уақытта күзгі аңшылық маусымы жүріп жатыр. Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қару-жарақ сататын дүкендерді аралап, рейд өткізіп жүр. Мамандар саудагерлерге тауарлардың техникалық жағдайын жіті тексеріп отыруға кеңес берді. Ал, сатып алушы тұрғындарға қауіпсіздік қағидалары түсіндірді. Сондай-ақ, орманда от жағуға болмайтындығы туралы айтылды. Тиісті ережені елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Даниэль Саркисян, қалалық ТЖ басқармасының аға инженері:

– Қызыл жалын көбіне отты дұрыс пайдаланбаудан, кеуіп тұрған өсімдікті күйдіруден, қоқысты жағудан пайда болады. Аңшыларға айтарымыз, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Қазір орақ науқаны жүріп жатыр. Егін алқаптарының кейбірі орманға жақын орналасқан.

Маржан Касымбек