Білім

«Jas Otan» жастар қанатының белсенділері жатақханаларда рейд өткізді

Өңірдегі жатақханаларда студенттерге қандай жағдай жасалған? Жақында «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері жатақханаларға барып рейд өткізді. Шара барысында белсенді жандар бірнеше колледж бен Қозыбаев университетінің студенттер үйіне бас сұқты. Санитарлық талаптар, студенттерге жасалған жағдай қаралған, тіпті, интернеттің жылдамдығы да тексеріліпті. Мониторингілік топ өкілдерінің айтуынша жастардың жатақханадағы тұрмыс-тіршілігінің сапасы тиісті деңгейде.

Анаргүл Артықбаева, студент:

Бөлмеде екі қыз тұрамыз. Жатақханада барлық жағдай жасалынған. Киім жуатын машина орнатылған. Барлық қабатта интернет бар.

Біржан Құдайбергенов,  «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

Біз мониторинг жұмыстарын 2020-да бастаған болатынбыз. Бақылау жұмыстары өз нәтижесін берді. Бүгінге дейін жатақханаларда бірнеше өзгерістер орын алды. Шаруаны әлі де жалғастыратын боламыз.

Бердимурат Баймухан