ТКШ

Қазақстанда 5 мың 800 км жол ақылы болады

Қазақстанда 5 мың 800 км жол ақылы болады. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы басқармасының басшысы Асқар Маратұлы мәлімдеді. Айтуынша, бүгінге дейін елдегі жолдарда 94 төлем жүйесі орнатылған екен. Қазір 7 учаске пайдалануға дайын тұр. Олар қазан айынан бастап қолданысқа беріледі. Қатарға «Нұр-Сұлтан-Көкшетау-Петропавл» автожолы да кіреді. Асқар Маратұлының сөзінше бірінші санаттағы жолдардың тарифі өзгеріссіз қалады. Мұнда ауыр жүк көлігін тізгіндеген жандар жолдың 1 шақырымы үшін 5-тен 25 теңгеге дейін ақша төлейді. 2-ші және 3-ші санаттағы жолдар үшін де жүк көліктерінен ғана төлем алынады.

Бердимурат Баймухан