Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Адамдардың жеке мәліметі өзгенің қолына өтіп кетуі мүмкін

Адамдардың жеке мәліметі өзгелердің қолына өтіп кетуі мүмкін. Жақында Аndroid платформасына арналған PlayMarket сервисінде «Онлайн перепись населения-2021» мобильді қосымшасы пайда болды. Ұлттық статистика бюросының мамандары аталған бағдарлама ресми тіркелмеген дейді. Осы орайда азаматтарға бұл қосымшаны пайдаланбауға кеңес береді. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі күні санақтан онлайн өтудің 3 жолы қарастырылған. Біріншісі – sanaq.gov.kz сайты және egov.kz электронды үкімет порталы мен Aitu мобильдік қосымшасы.

Бердимурат Баймухан