Билік

Тексерулер тек cалықтан жалтарушыларға ғана қатысты болады

Карантин кезінде шағын және орта бизнеске жаппай тексеріс жүргізу жоспарланбайды. Бұл тек cалықтан жалтарушыларға ғана қатысты болады. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Үкімет отырысында Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге рұқсатты қайтаруды және 2019 жылдың желтоқсанында енгізілген мораторийдің жоюды сұраған болатын.

Ал кеше орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен өткен брифингіде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев пандемия кезінде ешқандай жаппай тексеру жоспарланбағанын атап өтті. Тиісті талдау жүргізу үшін және салық заңнамасын бұзушыларды анықтау үшін цифрландыру құралдары пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, Жайдар Іңкәрбаев шағын және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мөлшерлемелер оңайлатылған декларация бойынша – 3%-ды, патент бойынша 1%-ды құрайтынын еске салды.

Дана Ешкенова