Білім

Тәуелсіздік тақырыбында ашық тәрбие сабағы өтті

Мағжан Жұмабаев сеніп кеткен бүгінгі жас ұрпақ тәуелсіздік қандай жолман келгендігін, оның қаншалықты қымбат екендігін білуі тиіс. Бүгінгі ашық тәрбие сағаты да осы бағытта өрбуде. Яғни, егемен еліміздің жеткен жетістіктері баяндалуда. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің 3-ші сынып оқушылары тәуелсіздік тарауында бағындырған биік белестерімізді жарыса айтып жатыр.

Біздің тәуелсіз елімізге биыл – 30 жыл. 1991-ші жылы Нұрсұлтан Назарбаев президент болды.

– 1994 жылы Қазақстанның екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа аттанды.

Ашық тәрбие сағаты барысында ұл-қыздар бір шаңырақ астына жиналып, ән айтты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тарту ретінде жаттаған өлеңдерін де ұсынды.

Еліміз егемендігін алғалы талай биік-белестерді бағындырдық. “Бұны ата-ана мен мұғалімдер балаларға әрқашанда айтып жүруі тиіс”,- дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсемгүл Аманова.

Әсемгүл Аманова, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектебімізде жылдық жоспар бекітілді. Оған ашық тәрбие сағаттары, кездесулер, конференциялар кіреді. 3-18 Әр бала өз тарихын білуге міндетті. Олардың бойларында патриоттық сезім болуы керек. Мектебімізде өткізілген іс-шаралар арқылы балалар елін сүйіп, оны қорғауға, отанының тарихын білуге үйренеді.

Бүгінде Қожаберген жырау атындағы 6-шы орта мектебінде 900-ден астам оқушы білім алады. Биыл тәуелсіздік тақырыбындағы ашық сабағын бүкіл сыныптарда өткізу жоспарланып отыр.

Алдияр Айтпаев