Құқық қорғау органдары

Таныспағаны үшін телефонын тартып алған

Таныспағаны үшін телефонын тартып алған. Петропавлда полицияға сөйлесу құралынан айырылып қалған бойжеткен арызбен келген. Айтуынша, Сәтпаев көшесімен түнделетіп келе жатқанда соңына бір ер адам түскен. Танысқылы келіп, есімін айтуды сұраған. Қыз танысудан бас тартқан соң телефонын жымқырып кеткен. Жігіт ұсталды. Жасы 25-те. Бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Аталған факті ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Санжар Атажан, Петропавл қаласы ПБ екінші полиция бөлімінің анықтаушысы:

– Петропавл қаласының 2 полиция бөліміне 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Сәтпаев көшесі бойында белгісіз ер адамның Петропавл қаласы тұрғынының ұялы телефонын ашық түрде жымқырғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1995 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны, бұрын соттылығы бар азамат анықталды.

Маржан Касымбек