Денсаулық сақтау

Коронавирустің таралу индексі республика бойынша 17%-ға төмендеді

Соңғы 2 аптада елде коронавирусқа қатысты ахуал тұрақталып келеді. Ауру жұқтыру деңгейі тамыз айымен салыстырғанда 1,4 пайызға азайған. Індеттің таралу индексі республика бойынша 17%-ға төмендепті. Инфекциялық ауруханалар 20%-ға босаған. Бүгінге дейін екпенің бірінші жартысын алғандардың саны – 7 млн. Бұл – иммундауға жататын халықтың шамамен 70%-ы. Вакцинаның толық курсын 5 млн 755 мың адам қабылдаған. Дегенмен, өткен тәулікте 4 мың қазақстандықтың ПЦР тесті оң нәтижені көрсеткен екен. Оның 81-і – СҚО-ның тұрғындары. Арасында вакцина алған жандар да бар.

Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқармасы төрағасының орынбасары:

– Коронавирусқа қарсы вакцина ағзаға түскеннен кейін 12-28 күн аралығында өзінің антиденелерін шығарады. Иммунитет қалыптастырады. Иммунитет толық қалыптаспаған кезде қоғамдық орынға барсақ, ауырып қалу қаупі жоғары.

Маржан Касымбек