Қоғам

ХҚКО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшті

Халыққа қызмет көрсету орталықтары бес күндік жұмыс тәртібіне көшті. Орталықтар енді дүйсенбіден жұмаға дейін ғана жұмыс істейді. Нысан есігі таңғы 9-да ашылып, кешкі 18.00-де жабылады. Бұл ел көлемінде енгізілген өзгеріс. Сағат кешкі 8-ге дейін тек кезекші орталықтар ғана істейді. Осы ретте айта кетейік, Петропавлда кезекші орталық Әуезов көшесі, 157 мекенжайы бойынша орналасқан. Қызмет көрсету орталықтарына кірерде міндетті түрде “Ashyq” қосымшасы арқылы мәртебені растау қажет.

Дана Ешкенова