ТЖ

Егістіктегі өрттің алдын алу

Егінді уақытылы жинап алғаннан бөлек, танаптағы өрт қауіпсіздігін де естен шығармаған жөн. Бүгінде өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрттің алдын алу жұмыстарын күшейткен. Науқан басталғаннан бері қызметкерлер аспанға дрон көтеріп, алқаптарды әуеден бақылауда. Осы орайда мамандар жергілікті аграрийлерге алқап маңын жыртып, өрт қауіпсіздігін күшейту қажет дейді. Және егістік маңында су толтырылған бөшке тұрған маңызды екен. Себебі, адамдар көлікпен өтіп бара жатып темекі тұқылын сыртқа тастайтын болса, егін мен шабындықта оттың пайда болуы әбден мүмкін.

Аслан Ахметжанов, Қызылжар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

– Қызылжар ауданында 2019 жылы 14 гектар бидай өрттеніп кеткен болатын. Оқиға Архангельск ауылдық округінде орын алды. Оттан келген шығын 3 млн теңгені құрады. Өңір тұрғындарына да далағы құрғақ шөпті өрттемеуге кеңес береміз.

Бердимурат Баймухан