ТКШ

Биыл өңірде 813 шақырым жол жөнделеді

Өңіріміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 9 мың шақырымға жуықтайды. Басым бөлігі аудандық маңызға ие. “Антикор” алаңында бой көрсеткен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Бейсеновтың сөзінше, өткен жылы 850 км жол жөнделген. Жұмсалған қаржы 27 млрд теңгеден асып жығылады.

Тындырылған істің арқасында 150 ауыл арасындағы жолдардың сапасы жақсарған. Бұл елді мекендерде шамамен 117 мың адам тұрады. Биылғы жоспар – 813 шақырым. Бағытталатын қаражат – 24,2 млрд теңге. Жұмыс аяқталғасын жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызға ие жолдардың үлесі 74 пайызды құрамақ. Келешекте бұл көрсеткіш арта түседі.

Қанат Бейсенов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жергілікті маңызға ие 2100 шақырымнан астам жол жөнделеді. Оған 115.5 млрд теңге бағытталмақ. Атқарылатын шаруаның арқасында 350 ауылда тұратын 250 мың адамның өмір сүру деңгейі жақсарады. Ал, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 98 пайызға жетеді.

Бердимурат Баймухан