Денсаулық сақтау

СҚО-да вакциналаудың толық курсынан 202 мың адам өтті

Елдегі коронавирусқа қатысты ахуалға тоқталып өтейік. COVID-19-ға өткен тәулікте 3 жарым мыңнан астам қазақстандық шалдыққан. Сырқаттану деңгейі бойынша әлі де Алматы қаласы көш бастап тұр. Бір күнде мұнда мыңға жуық жағдай тіркелген. Ал СҚО-да 80-ге жақын адам тәж вирусын жұқтырып алған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша елде бұл індеттен бір тәулікте 64 адам қаза тапқан. Жалпы, пандемия басталғалы коронавирус 10 мыңға жуық адамның өмірін қиды.

Қазіргі таңда 90 мыңға тарта қазақстандық ем қабылдап жатыр. Оның 19 мыңы – стационарларда. Вакциналау қарқынына тоқтала кетсек. 7 қыркүйектегі жағдай бойынша, COVID-19-ға қарсы екпенің екі компонентін 5 млн 700 мыңнан астам адам алған. Өңірде вакциналаудың толық курсын 202 мың адам қабылдаған.

Алдияр Айтпаев