Құқық қорғау органдары

СҚО-да есірткіні шамадан тыс қолданған 3 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері өңірде есірткіні шамадан тыс қолданған 3 адам қаза тапқан. Бүгінде 573 солтүстікқазақстандық облыстық наркология орталығының есебінде тұр. Біреуі, тіпті, кәмелет жасына да толмаған.

Сондай-ақ есірткілік заттарды заңсыз сақтау, сату, тарату, жарнамалау және насихаттағаны үшін 77 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан 286 келі наша тәркіленіпті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері профилактикалық шараларға екпін беруде. Тәртіп сақшылары нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастармен кездесулер өткізіп жүр.

Маржан Касымбек