Спорт

Кеше “Qulager” ХК өз алаңында “Aktobe” құрамасын қабылдады

Қос команда арасындағы тартыс басталмас бұрын “Qulager” ХК-нің бұрынғы капитаны Ильгиз Нуриев қошеметке бөленді. Жергілікті ұжым құрамында 6 маусым өткізген ойыншы жақында ғана спорттық мансабын аяқтап, жаттықтырушы қызметіне ауысқан екен. Бүгін маман “Aktobe” командасына қарсы ойында теріскейлік хоккейшілерге бағыт-бағдар бермек.

Төреші ысқырық шалды. Демек, ойын басталды. Алғашқы минуттардан теріскейлік саңлақтар қонақтарға қысым көрсетіп, нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Осылайша есепте құрамамыз алға шықты. Шайбы авторы – Александр Ильин. Ақтөбеліктер де осалдық таныта қоймады. Ойыншылар есепті 5-ші минутта теңестіріп, мінез көрсетті. Жалпы, 1-ші периодта есеп 2 де 1-мен аяқталды. Екінші шайбыны батысқазақстандық құраманың қақпасына Кириил Власов дарытты. Спорт сарайына жиналған қалың көпшілік бұл нәтижеге қатысты ризашылықтарын білдірді. “Маусымның алғашқы ойыны болса да спортшылар жақсы өнер көрсетуде”,- дейді жанкүйерлер.

– Ойын жақсы өтіп жатыр. 1-ші периодта біздің құрама 2 де 1 есебімен алға шықты. “Qulager”-ліктерге сәттілік тілеймін.

– Сезонның алғашқы ойыны жақсы өтіп жатыр. “Qulager” ойыншылары өздерін жақсы жағынан көрсетуде.

– Алғашқы кездесу болса да ойын жоғары деңгейде өтуде. Тыңнан қосылған ойыншылардың өнеріне жоғары баға беремін.

Осы орайда айта кетейік, биыл “Qulager”-дің құрамы біраз жаңарды. Бұл команданың алға басуына мүмкіндік берері анық.

Ильгиз Нуриев, “Qulager” ХК жаттықтырушылар штабының мүшесі:

– Бізге тәжірибелі, мықты қарсылас келіп отыр. Бірақ, жеңіс жолында біздің құрама да барын салары анық. Жаңадан келген ойыншылардың жеңіске деген құлшынысы, табандылықтары қуантады. Әрине, қателіктер де кездеседі. Бұл жөнінен алдағы уақытта тиісті әдіс-тәсілдерімізді пысықтаймыз.

“Qulager” ХК мен “Aktobe” арасындағы матчтың соңы буллиттер сериясында шешілді. Бұл кездесуде батысқазақстандықтардың асығы алшысынан түсті. Олар 6 да 7 есебімен жеңіске жетті. Бірақ, кеткен есені бүгін қайтаруға болады. Спорт сарайында кешкі 7-де қарымта матч өтеді.

Алдияр Айтпаев