Білім

Елімізде баланың жасырын қабілетін анықтайтын жоба іске қосылады

Баланың жасырын қабілетін анықтайтын жоба. Елімізде қазан айынан бастап баланың қарым-қабілетін ерте жасынан тануға мүмкіндік беретін бағдарлама жүзеге асырылады.

Жаңа бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолға алып отыр. Осы орайда Qabilet.elbasyacademy.kz сайты әзірленді. Парақшада тіркеуден өткен ұл-қыздар арнайы сұрақтарға жауап береді екен. Ескерер жайт, сауалнамаға тек 10-11 жастағы оқушылар ғана қатыса алады. Сұрақ-жауаптың қорытындысы негізінде психолог-мамандар баланың қарым-қабілетін дамыту мен болашақ мамандығын таңдау жөнінен кеңес береді.

Маржан Касымбек