СҚО-да 3 күнде 9 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Құқық қорғау органдары

22:32 6 Қыркүйек 2021

Күздің алғашқы айының небәрі 3 күнінде өңірімізде 9 бірдей интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Сан соғып қалғандардың арасында кәсіпкер де бар. Ол жаһандық желі арқылы Ресейден құрылыс заттарын сатып алуды ойлапты. Қулардың сөздеріне сеніп, алдын ала бақандай 2 млн теңгеден астам төлем жасаған екен.

Ақшаны қалтаға басқаннан кейін тапсырыс қабылдаушы тарап үшті-күйлі жоғалған. Телефондарын сөндіріп, сайттарын өшіріп тастаған. Ал, 3 петропавлдық банк қызметкері болып қоңырау шалған айлакердің құрығына түсіпті. Оның бірі – 75 жастағы зейнеткер. 1 пысықай өзгенің атынан шағын несие рәсімдесе, екеуі облыс орталығының тұрғындарынан жоқ зат пен жалған жалдамалы пәтер үшін төлем алған. Қалған 2 жағдайда бәз біреулер жерлестерімізге хабарласып, “жақыныңыз полицияға түсіп қалды, дереу ақша керек” деген екен. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын мұқият болуға, күмән туғызатын хабарламалар мен қоңырауларға сенбеуге шақырады.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Төрттүлігін қараусыз жайылымға жіберген
Жыл басынан балалардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы орын алды
СҚО-да есірткіні шамадан тыс қолданған 3 адам қаза тапқан
Таныспағаны үшін телефонын тартып алған
Адамдардың жеке мәліметі өзгенің қолына өтіп кетуі мүмкін
Бидай ұрламақшы болғандар ұсталды
Петропавлда аялдама әйнегін сындырған қыз қолға түсті
Жауапты істі абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшылары
Кинологтар арасында жарыс өтуде
Биыл “102” желісіне 94 мың қоңырау түскен
Аса ірі көлемде гашиш өткізген петропавлдық ұсталды
Әскери институттың курсанттары ант қабылдады