Қоғам

Петропавлда екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

Петропавлда екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Оқыс оқиға көлік ағыны азайған уақытта орын алған. Нақтырақ айтатын болсақ кеше кешкі сағат 21:45 шамасында Тоқсан би және Интернационал көшелерінің қиылысында “BMW” мен “Mercedes” автокөліктері бір-біріне бетпе-бет кеп соғылған. Екі машинаның да алдыңғы бөлігінің сау тамтығы қалмаған. Абырой болғанда жол-көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Екі жүргізуші де дін аман. Әзірге, бұл оқиғаға кімнің кінәлі екені белгісіз. Жол апатының толық мән-жайы тексеріс жұмыстарынан кейін белгілі болады.

Дана Ешкенова