Ауыл шаруашылығы

Облыста дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 68 пайызы орылды

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қызды. Жергілікті аграрийлер қолайлы ауа райын пайдаланып, жаз бойы баптаған өнімдерін шашаусыз жинап алуға асығуда.

Бүгінде өңірлік диқандар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 68 пайызын орыпты. Бұл – 2031 гектар жер. Ырыздықтың 61 пайызы жиналып, екі мыңы қамбаға құйылған. Шығымдылық 10,9 центнерді құрайды. Айта кетейік, қазіргі күні өңірде астық жинау науқанына 7 мыңнан аса комбайн, 12 мың 800 трактор мен 4 мың 800-ге жуық дестелегіш техника жұмылдырылған.

Бердимурат Баймухан