Құқық қорғау органдары

Әскери институттың курсанттары ант қабылдады

Отанға қызмет – абыройлы іс! Өткен сенбіде ҚР Ұлттық ұланының Әскери институтында 1-ші курс курсанттары ант қабылдады.

Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінен келген 174 жігіт адал қызмет етуге серт етті. Карантиндік талаптарға сәйкес, іс-шараға жалынды жастардың ата-аналары мен туған-туыстары қатыса алмады. Оларға арнап жоғары оқу орнының ұжымы инстаграмдағы парақшаларында тікелей эфир ұйымдастырды. Айта кеткен жөн, ел қорғандары институтқа жазда қабылданды. 1 ай көлемінде полигонда болып, сынақтан өтті. Өздерінің тапқырлықтарын, күш-жігерлерін дәлелдеді. Курсанттар 4 жыл қатарынан тәлім алады. Осы уақыт аралығында темірдей тәртіпке бейімделіп, мамандықтарының қыр-сырын меңгереді.

Ерхан Жанысов, ҚР ҰҰ ӘИ 2 оқу ротасының командирі:

Ант қабылдғаннан кейін курсанттар институттың толық мүшесі атанады. Әр әскери қызметшінің арманы – офицер болу. Офицер нағыз ерлердің кәсібі.

Маржан Касымбек