ТКШ

М.Жұмабаев ауданының тұрғындары қысқа дайындалуда

Қауырт маусымның басталуына аз қалды. Салқын күндермен жеке сектордағы өрт қаупі жоғары кезең бірге келеді.

Қазір М.Жұмабаев ауданының тұрғындары қысқа дайындық жүргізуде. Булаево қаласында орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Ал, баспаналардың басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары бой көтеріпті. Пештер де сол кезде салынған. Ескірген пештер өрттің орын алуына, улы газдың таралуына әкеп соқтыруы мүмкін. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бірігіп рейд өткізуде. Шара барысында қызметкерлер қалалықтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірді. Сондай-ақ, мамандар әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне қауырт кезеңге дайындалуға көмек көрсетуде. 79 жастағы Любовь Суйкова – жалғызбасты қария. Кейуананың балалары да, қолдау танытар туыстары да жоқ. Сондықтан, қыс жақындағанда, нәзікжанды тақымын қысып отырады. Қуанышымызға орай, биыл зейнеткер назарсыз қалмады.

Любовь Суйкова, Булаево қаласының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданы:

– Көмек көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Мамандар барлық жүйені тексерді. Пешті жөндеп, электр сымдарын ауыстырып берді”.

Назымбек Елемесов, М.Жұмабаев аудандық ТЖБ бастығы:

– Бүгінгі таңда ҰОС мен тыл ардагерлерінің тұрғын үйлері қаралып, жөндеуге 8 үй анықталды. Ардагерлер кеңесі тиісті қаражат бөліп, осы үйлерде сенбіліктер өткізіліп жатыр. Яғни, баспаналардағы электр жүйесін қалпына келтіріп, пешті сыладық.

Эльмира Садвокасова