Мәдениет

Петропавлда тілдер күніне орай әдеби-музыкалық кеш өтті

Жүрекжарды туынды, астарлы ой. Қазір өзгеге еліктейміз деп көп жастардың өзге тілде сөйлеп жүргені жасырын емес. Жас ақын Диас Аяғанды осы мәселе қатты қынжылтады. Қозыбаев университетінің студенті асыл қазынамыздың болашағы үшін уайымдаймын дейді. Сол себепті де осындай өлең жазыпты.

Диас Аяған, Қозыбаев университетінің студенті:

– Мына біздің ұлтымыз үшін тілдің алар орны бөлек. Бабаларымыздан жеткен ең асыл қазынамыздың бірі – осы тіл деуге толықтай негіз бар. 37 Жалпы, тіл дегеніміз тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес. Одан да биік тұратын қастерлі ұғым. 1-45 Өзім сияқты студенттер көбіне орысша сөйлеп, соны сән көреді.

Әдеми-музыкалық кеште өлең ғана оқылмады. Бабаларымыз қайғы мен қуанышты жеткізген қара домбырамен ән де айтылды, терме де орындалды.

Айта кету қажет, “Мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы” атты іс-шара тілдер мерекесі қарсаңында өткізілуде. Оған ақындар, оқытушылар және студенттер қатысуда.

Марал Оспанова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:

– Өте бай, орамды, шешен тіліміз ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатыр. Сол тілді біз әрі қарай жалғастыруымыз керек. Бүкіл түркі халықтарының ішіндегі ең әдемі әрі таза қалпында сақталған тіл – осы біздің тіл екен. Оны бүкіл ғалымдар растаған. 1-28 Бізде оны өз ұрпақтарымызға таза қалында жеткізгіміз келеді. Қазақ елінің арманы осы.

Шара соңында кешке қатысушылар “Тіл – достықтың алтын көпірі” атты кітап көрмесін тамашалады.

Алдияр Айтпаев