Егін орағы қызу жүргізіліп жатыр

Ауыл шаруашылығы

23:48 3 Қыркүйек 2021

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Бейінді басқарма ұсынған дерекке сүйенсек, жер емген шаруаларымыз ырыс дәні сіңірілген 4,3 млн гектар алқаптың 1,3 млн гектарындағы өнімді жинап үлгерген.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден әлдеқайда жоғары. Былтыр іскер жандар 1,1 млн гектардағы ырыздықты орған екен. Бүгінге дейін мамандар 1 млн 400 мың тонна астық бастырыпты. Орташа шығымдылық 10 жарым центнерді құрайды. Түсім бойынша Қызылжар ауданы өзгелерден алда тұр. Мұнда гектар берекелігі 14 центнерді құраған. Күзгі дала жұмыстарына 7100-ден астам комбайн қатысуда. Оның жартысынан астамы – өнімділігі жоғары техника. Маңызды науқанға 75,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген. 1 литрінің құны 185 теңгені құрайды.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Облыста дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 68 пайызы орылды
Өңірде жыл басынан бері 400-ден астам мал бруцеллез ауруына шалдыққан
137 тірек елді мекенде медициналық пункттер ашу қарастырылған
Қызылжар ауданында орақ науқаны 60%-ға тәмам
СҚО-да негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 24 пайызға артқан
Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын
Петропавлда сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайтын элеватор іске қосылды
Орақ науқаны қыза түсті
Қазақстанда бидай бағасы қымбаттады