Құқық қорғау органдары

Төрттүлігін қараусыз жайылымға жіберген

Жамбыл ауданында төрт түлігін иесіз жайылымға жіберген 3 тұрғын әкімшілік жауапкершіліке тартылды.

10 сиыр Пресновка-Қайранкөл жолының жиегінде жүрген. Оны байқап қалған тәртіп сақшысы малды суретке түсіріп, айып тұрағына айдап әкетіпті. Кейін иелерінің аты-жөні анықталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодестің 408 бабына сәйкес іс қозғалды. Полицейлердің айтуынша, қараусыз жүрген мал жол апатына әкеп соқтыруы мүмкін. Жылдың басында өңірде мұндай 1 жағдай тіркелген болатын. Салдарынан 1 адам ауыр жарақат алған. Жалпы, соңғы 8 айда төрт түлігін иесіз жайылымға жіберген 4 мың солтүстікқазақстандық анықталыпты.

Маржан Касымбек