Қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Ауа райы

23:30 2 Қыркүйек 2021

 

Жаз маусымы да аяқталды. Бірақ, синоптикер жайма шуақ ыстық күндер әлі де болады дейді.

Татьяна Марьина, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі:

– Бұл айда орташа ауа температурасы +11-12-ні көрсетеді. Алғашқы онкүндікте күндіз сынап бағынасы +15 градустан +25 градусқа дейін көтеріледі. Екінші онкүндікте де осындай температура сақталады. Ал үшіншісінде ауа температурасы 12-17 градусқа дейін төмендейді. Бірақ айдың соңында +17-25 градус күтілуде.

Синоптиктердің болжамы осындай. Биылғы қыркүйек аса бір қатты қолайсыздық тудыртып, қатаң мінезін көрсете қоймайды. Тек өңірде жиі жел соғып, жауын-шашын болады екен. Ал шаһар тұрғындары ағымдағы айдан қандай ауа-райын күтеді. Бұны өздерінен сұрап көрдік.

– Қыркүйек айындағы ауа-райы менің ойымша таза ауада тыныстап, қыдыруға қолайлы болатын сияқты.

– Бұл ай біз үшін қолайлы болады деген сенімдемін. Әлі де жылы күндерде осылай серуендеп жүргіміз келеді.

– Жылы болады деп ойлаймын. Ауа-райын қарап едім айдың соңында суытады деп тұр.

Тарихқа көз жүгіртсек, 2003-ші жылғы қыркүйек айында ауа температурасы +34-ке дейін көтеріліпті. Осылайша, ол халықтың санасында ең ыстық күздің алғашқы айы ретінде қалған. Ал, 1955-ші жылы қыркүйек қатаң мінез танытыпты. Сынап бағанасы -6,6-ға дейін төмендеген екен.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз