Денсаулық сақтау

Азық дақылдарын өсіру алқабы 2 есе ұлғаяды

Қазақстанда жүйелі шаралардың арқасында азық дақылдарын өсіру алқабы 2 есе ұлғаяды. Бұл туралы мемлекет басшысының кезекті Жолдауы талқыланған Үкімет отырысында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, ауа райы факторларының агросектор өндірісіне теріс әсерін болдырмау, сондай-ақ мал шаруашылығының азықтық базасын дамыту мақсатында егіншілікте нақты әртараптандыру ісі жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында оларды бақылаудың жаңа әдістері, тиісті мемлекеттік қолдау шаралары барынша пайдаланылатын болады. Тағы, жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдемелері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Жоспардағы межеге қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

Байболат Култанов