Ауыл шаруашылығы

137 тірек елді мекенде медициналық пункттер ашу қарастырылған

Үкімет отырысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да бой көрсетті. Ол да мемлекет басшысының Жолдауы аясында атқарылатын шараларды жіпке тізді. Халықты дәрілік заттармен қамту үшін жыл сайын 231 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінбек.

Президент отандық фармацевтикалық өнім үлесін 17%-дан 50%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырғаны мәлім. Осы тапсырманы іске асыру шеңберінде министрлік жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырды, инвесторларды тарту жүзеге асырылуда, технологиялар мен жаңа әзірлемелер трансферті жүргізілуде. Саяси маңызды құжаттың негізгі бағыттарының бірі – денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамытуға, кадрлар даярлауға қаражат бөлу. Бұл бағытта ауылдық жерлерде медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 8,2 млрд теңге қарастырылмақ. Қомақты соммаға 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу көзделген.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Сонымен қатар, біз кемінде 20 заманауи аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық орталық салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұдан өзге, ведомстволық бағынысты және өңірлік медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту үшін біз жалпы сомасы 85 млрд теңгеге кем дегенде 20 нысан салуды және жаңғыртуды көздеп отырмыз. Кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 7,5 мыңнан астам дәрігер мен 24 мың орта медициналық қызметкерді шығару көзделген

Байболат Култанов