Білім

Биыл Қозыбаев университетіне 1300-ден астам талапкер түскен

Осы Қозыбаев университетіне биыл 1300-ден астам талапкер түскен. Оның 763-і – мемлекеттік грант иегерлері, 91-і – “Серпін” бағдарламасының қатысушылары. Студенттердің барлығы дәстүрлі форматта оқиды. Нақтырақ айтсақ, тәжірибиелік және зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді. Ал, дәрістер қашықтықтан ұйымдастырылады. Жастар бірден білім алуға кіріспейді. Қыркүйектің 1-і мен 4-і аралығында қыз-жігіттер оқу процессімен, ішкі тәртіппен таныспақ. Университетте санитарлық талаптар қатаң түрде сақталмақ.

Жанар Таласпаева, Қозыбаев университеті академиялық қызмет департаментінің директоры:

– Санитарлық талаптар қатаң түрде сақталатын болады. Арнайы сабақ кестесі құрылды. Үзілестерде аудиториялар өңделіп отырады.

Байболат Култанов