Денсаулық сақтау

СҚО-да 54 жастағы ер адам сіреспеден көз жұмды

Ғабит Мүсірепов аудандық ауруханасында 54 жастағы ер адам сіреспеден көз жұмды. Қолда ақпарға сүйенсек, Өзбекстан елінің азаматы өңірімізде құрылыс жұмыстарымен айналысқан. 21-ші тамыз күні оның оң аяғына тот басқан шеге кірген. Арада 4 күн өткеннен кейін жақтың құрысуы мен бастың артқа шалқайуы сияқты сіреспе ауруының белгілері байқалыпты. Бірақ, ол медициналық көмекке келесі күні ғана жүгінген. Аудандық ауруханада дәрігерлері тиісті көмек көрсетіп, жедел вакцина салған екен. Алайда, мамандар ер адамның өміріне араша түсе алмады. Өкінішке қарай, азамат 28-ші тамызда көз жұмған.

Арман Күшбасов,  СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Егер азамат дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, тиісті вакцина алса, оны құтқарып қалуға болар еді. Солтүстікқазақстандықтарды барынша мұқият болуға шақырамыз. Осы сияқты жағдай орын алса, дәрігерлерге қаралу қажет. Сіреспе мен құтырма ауруларын уақытылы салынған екпенің көмегімен емдеуге болады.

Алдияр Айтпаев