Спорт

Өңір спортшылары Қазақстан кубогінен жүлделі оралды

Жарыста 65 келі салмақ дәрежесінде өңір намысын Сауран Арапбай қорқапты. Білекті жігіт ақтық кезеңге дейін 4 қарсыласын тізе бүктірген. Ал, финалда Нұр-Сұлтан қаласының спортшысымен сынға түскен. 5 минутқа созылған жекпе-жектің тағдырын төрешілер шешті. Олар бірауыздан жеңісті теріскейлікке берді. Осылайша, Сауран жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, өңірге алтын медальмен оралды.

Сауран Арапбай, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогінің жеңімпазы:

– Чемпион болып қайттық. 22 Қарсыластарымның бәрі мықты. Барлығын бұрыннан танимын. Біреуімен бұған дейінгі жарыстарда жолымыз түйіскен. Осы жолы иншалла ұттық. 1-04 5 кездесудің ішінде финал қиын болды. Онда әлсіз қарсылас болмайды. Бір күнде 5 бой өткізгеннен кейін шаршайсын.

Қоян-қолтық ұрыстан Алматыда өткен Қазақстан кубогіне 200-ге тарта спортшы қатысқан. Соның 13-і – солтүстікқазақстандық саңлақ. Нәтиже жаман емес. Додада Сауран Арапбайдан бөлек, 3 жігіт жүлдеге ілікті. Олардың еншілегені – қола медаль.

Мирас Бірімжанов,  қоян-қолтық ұрыстан облыстың аға жаттықтырушысы:

– Жарыс сәтті өтті. 15 команданың арасында біз 5-ші орынға ие болдық. Өкінішке қарай, бұл додаға бұрымдыларымыз белгілі бір себептермен қатыса алмады. Қыздарымыз өнер көрсетсе, нәтиже бұдан да жақсы болар ма еді.

Аздаған үзілістен соң спортшылар Азия чемпионатына дайындықты бастамақ. Бұл жарыс қазан немесе қараша айында Ресейде өтеді деп жоспарланып отыр.

Алдияр Айтпаев