Білім

Қызылжар ауданының мұғалімдері біліктіліктерін арттырды

Жаңа оқу жылының басталуына 1-ақ күн қалды. Пресновка ауылының ұстаздары оқушылармен кездесер сәтті асыға күтіп, дайындықтарын пысықтап жатыр. Олар қазір «Өрлеу» орталығының маманынан оқу мақсатын қалай дұрыс құру керектігін меңгеруде. Бұл – оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттыруда қолданылатын алғашқы тәсіл.

Тойжан Мауытбаева, Пресновка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Қызылжар ауданы:

– Көптеген нәрсәні дұрыс білмеппін. Мысалы, оқу мақсатын сабақ мақсатында дұрыс қолданбағанмын. Бұрын өзім жасайтынмын. Бірақ, кемшіліктер болды. 02:56 Оқу мақсаты 2-еу болса, сабақ мақсаты да сонша болуы керек. Бұрын 3-4 мақсаттың біреуін алып, қолдана бергенбіз.

Оқыту курсына 20-дан астам ұстаз қатысып жатыр. Олардың 15-і – Пресновка орта мектебінің мұғалімдері, қалғаны – көршілес ауылдарда еңбек ететін педагогтар. Қатысушылар оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген соң, жаңа технологиялармен танысуға кірісті.

Қарашаш Жамантаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ бас оқытушысы:

– Осы курстың тақырыбын мұғалімдердің өздері ұсынды. Заманауи педогогикалық технологиялар мен пән бойынша Lesson Study технологиясы.

«Өрлеу» орталығының өкілдері офлайн форматқа жақында ғана көшіпті. Мамандар ұжымдық ұсыныс түскен жағдайда белгілі бір білім ұясына барып, топпен біліктілік арттыруға дайын. Курстар 1 аптаға созылмақ. Білікті оқытушылар мұғалімдерге оқыту жүйесіне енгізілген жаңашылдықтардың барлығын 40 сағаттың ішінде үйретіп шығады.

Қарашаш Жамантаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ бас оқытушысы:

– Осы технологияны үйренгеннен кейін, мұғалімдер топтық жұмысқа бейім болады. Жеке істегенен команда болып әрекет еткен дұрыс.

Ал, курстар аяқталған соң, қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етілді. Бұл құжат мұғалімнің біліктілігі артқандығын дәлелдейді.

Маржан Касымбек