Конституция күніне арналған фотокөрме

Мәдениет

22:30 31 Тамыз 2021

Ата заң – алтын тұғырымыз! Дәл осындай атаумен қаламыздағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Конституция күніне арналған фотокөрме өтті. Іс-шарада көрермен назарына 5 стенд қойылған. Онда саяси маңызды құжаттың қалыптасу тарихы кезең-кезеңімен баяндалған. Мысалы, кешегі “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы” жайлы жіті жазылған.

Әділдігімен, шешендігімен, тапқырлығымен ел есінде қалған билеріміз бен Бұқар жырау туралы да мол мағлұмат ұсынылған. Бүгінгі Конституция, тарихи оқиға орын алған күн, республикалық референдумда түсірілген суреттер. Бұлармен де келушілер жақынырақ таныса алды. Көрменің бір бұрышында Ата заң кітабы орын тепкен. Бұл көлемді макеттің жанында адамдар естелік суретке түсе алады.

Әлиасқар Нәбиев, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің экскурсия жүргізушісі:

– Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толмақ. Ал, Конституцияның қабылданғанына – 26 жыл. Осы қос датаға орай бүгінгі фотокөрмені ұйымдастырып отырмыз. Іс-шара тамыздың 31-ші жұлдызына дейін жалғасады. Ұсынылған деректер, суреттер келушілердің көңілінен шығуда.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Алматылық театрдың Петропавлға жасаған гастрольдік сапары аяқталды
Шаһарда “Жүз жылдық махаббат” спектаклі сахналанды
Петропавлға алматылық театр гастрольдік сапармен келеді
Облыстық қуыршақ театры 32-ші маусымын ашты
Ұлттың тұтастығы мен жердің бүтіндігін сақтаған жандар
Қызылжарға М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры келді
Петропавлда “Сана” әдеби-музыкалық клубы ашылды
«Асыл мұра» орталығының негізін қалаушылардың құрметіне мемориал тақта орнатылды
Облыстық филармония 57-ші концерттік маусымын ашты
Явленкадағы мәдениет үйі жөнделіп жатыр
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қос көрме жұмыс істеуде
Арт-орталықта Валерий Хреновтың құрметіне көрме ашылды