Спорт

“Qyzyljar” ФК турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді

Кезекті тарихи жеңіс! “Qyzyljar” футбол клубы шымкенттік “Ordabasy”-ның тас-талқанын шығарды! Қазақстан чемпионаты аясында сырт алаңда өткен матч 0 де 5 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Дарко Зорич пен Павел Яковлев көзге түсті, автогол да тіркелді. Маңызды жеңістен кейін теріскейлік ұжым турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді. Қоржынымызда 29 ұпай бар. Солтүстікқазақстандықтардың ендігі қарсыласы – қызылордалық “Kaisar”. Сыр жағасының жігіттері теріскейліктерге 11-ші қыркүйек күні қарсы тұрады. Ойын Петропавлда өтеді.

Байболат Култанов