ТКШ

Жол жүру билеттеріне қатысты өзгеріс

Қоғамдық көлікпен қатынау ережелеріне тағы бір өзгеріс енгізіледі. Осыған дейін “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығымен 700 петропавлдыққа жеңілдетілген жол жүру билеті берілген болатын. Олар қыркүйектің бірінен бастап өз күшін жоймақ. Орнын әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне арналған карталар басады. Бүгінде бұл карталар халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарында беріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қаламызда 10 мыңға жуық тұрғын автобуспен тегін қатынау мүмкіндігіне ие.

Галина Семёнова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Бұрын 80 жастан асқан қарияларға жол жүру тегін болатын. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта шешім қабылданады. Сондай-ақ, ай сайын сатылымға шығарылатын жол жүру билеттеріне қатысты айтқым келеді. Олар өз күшін жоймайды. Құны жеке тұлғалар үшін 7000, ал заңды тұлғаларға 7600 теңгені құрайды.

Эльмира Садвокасова