СҚО полицейлері мектеп жанындағы жолдарды тексеруде

Құқық қорғау органдары

23:25 26 Тамыз 2021

Жаңа оқу жылының басталауына санаулы күндер қалды. Жергілікті полицейлер білім ошақтары маңындағы жолдарды тексеруде. Мектептердің маңдары жарық болуы керек, жол белгілері, жолақтар жаңартылғаны дұрыс. Бұл элементтердің барлығы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тәртіп сақшылары тексеруді жергілікті атқарушы органдар және коммуналдық қызметкерлермен бірлесе жүргізуде. Бүгін мамандар жұмысшы кентіндегі 44-ші мектептің аумағын тексеріп шықты. Бұл маңда «Дорсигнал» серіктестігінің қызметкерлері жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жаңартты.

Денис Матевич, әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің аға инспекторы:
– Бүгінге дейін қалада 98 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 28 кемшілік анықталып, жауапты тұлғаларға ұйғарым шығарылды. Шаруа барысында 36 жол белгісі орнатылып 245 шаршы метрге таңба салынды. Шұңқырларды бітеу жұмыстары да атқарылды. Іс әлі жалғасын табады.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде жыл басынан бері 50-ге жуық көлік ұрланған
“Жолда қабылдау” акциясы өтті
Қызылжар ауданында 17 жастағы жігіт граната тауып алды
СҚО-да үздік жедел уәкіл анықталды
СҚО-да 50-ден аса адам маскүнемдіктен емдеуге жіберілді
Өңірдің 7 полицейінің шені өсті
СҚО-да көші-қон қызметінің мамандары 4 мыңға жуық заңға қайшы әрекет тіркеген