Құқық қорғау органдары

Жыл басынан балалардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы орын алды

Абайлаңыз, балалар! Өңір полицейлері жедел-алдын алу шарасын бастады. Акция қыркүйектің 9-ына дейін жалғаспақ. Оқу жылы жақындағандықтан тәртіп сақшылары балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жадынамалар таратып жатыр. Ақпараттандыру шаралары әлеуметтік желілерде де күшейді. Құқық қорғаушылар тікелей эфирлерге шығып, солтүстікқазақстандықтардан қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануды сұрады.

Айдын Байматов, СҚО ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы:

– Жыл басынан балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан кәмелет жасқа толмаған 27 бала әр түрлі деңгейдегі жарақат алып, бір балғын көз жұмды. Біздің мамандар ұл-қыздарға жолда жүрі ережелері мен велосипед, самокат және скутермен қалай қатынау қажеттігін түсіндіруде.

Эльмира Садвокасова