Құқық қорғау органдары

“Соғу қаупін тоқтату!” акциясы өтуде

The YouTube ID of jZ8Bc1CfGis">https://youtu.be/OeBN7WV1_cY</a> is invalid.

Дүйсенбіден бастап Петропавлдағы темір жол вокзалының маңында акция өтіп жатыр. Шара аясында тәртіп сақшылары жолаушылармен кездесіп, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Балаларды жалғыз қалдырмау, жан-жаққа қарау, құлаққапты шешу. Бұл қағидаларды берік ұстанған жан өзінің де, қасындағылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пойыз ішінде де тиісті ережелерді ескеру қажет. Негізгі талаптарды Ұлжан Жорақұлова күнде ата-аналардың есіне салады.

Ұлжан Жорақұлова, Петропавл станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы:

– Адамдармен тікелей кездесіп, ережелерді түсіндіремін. 1-ші вагоннан бастап соңына дейін жүріп өтемін. Ата-аналарға жоғары қабатта жатқан балаларына қарау керек екенін айтамын. «Стоп кран»-ға тиіспеу қажеттігін ескертемін.

Қанша айтылса да ортақ тәртіпке барлығы бірдей құлақ аспайды. Кейбір жолаушылар пойыздан түсе салысымен ереже бұзады. Мысалы, қарсы бетке арнайы жолмен емес, рельстердің үстімен жететіндер баршылық. Бұған қатаң тыйым салынған. Бейжай қараудың салдары өкінішті жайтқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Осы ретте статистикамен бөлісейік. Жыл басынан бері ел аумағындағы темір жол бойында
34 адам қаза тауыпты. Көз жұмғандардың 3-еуі солтүстікқазақстандық.

Теңдік Малдынова, Петропавл станциясы желілік полиция бөлімі ішкі және сыртқы коммуникация тобының жетекші маманы:

– Әртүрлі оқиғалар болып жатады. Балалармен түрлі жайттар кездеседі. Біреулер құлаққап киіп алып, жан-жағына қарамайды. Жалпы, жыл басынан бері Петропавл станциясында 800 әкімшілік-құқықбұзушылық фактісі тіркелді.

Петропавл станциясы желілік полиция бөлімінде қызмет ететін мамандар ереже бұзғандарды жауапқа тартамыз дейді. Бірінші ретте ескерту жасалады. Егер ортақ тәртіпке мойынсұнбау жайты қайталанса, онда тұлға 3 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Бердимурат Баймухан