Балалар

Белсенді жастар екі жақты меморандумға қол қойды

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы “Жаңғыру жолы” қозғалысы мен Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері екі жақты келісімге қол қойды.

Мақсат – солтүстікқазақстандық жастар арасында этносаралық, ұлтаралық қатынасты нығайтып, мәдениетті дамыту. Қазір белсенді жастар қос тараптың жылдық жоспарларын талқылап жатыр. Меморандум аясында алдағы уақытта белсенділер республика және облыс көлемінде атап өтілетін түрлі іс-шараларды бірлесе атқаратын болады. Қатарға түрлі сала өкілдері мен қала жастары да қосылады.

Әл-Фараби Мыңбай, Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бұл мемморандумнан үлкен нәрсе күтеміз. Себебі, КХА мен қалалық жастарды бірлестіре отыра көп жұмыстар атқаратын боламыз. Және облыстағы жастарды республикалық деңгейге көтеру мақсатында жұмыс істейміз.

Бердимурат Баймухан