МТРА жаңалықтары

ӘМСҚ алғашқы жартыжылдықта 470 мыңнан астам өтініш түскен

Алғашқы жартыжылдықта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 474 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігі -түсіндірулер мен консультациялар. Ал, шағымдардың көшін медициналық көмек көрсетуден бас тарту жайты бастап тұр. Екінші кезекте – көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы. Үшінші – ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау. Арыздардың 7% – медициналық көмекті ұзақ күту, 6,6% дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту. Шағымдар мен өтініштердің ең көп саны 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырау қабылдайтын 1406 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен.

Байболат Култанов