«Ashyq» жобасына қатысушылар арасында үздіктер анықталды

Бизнес және экономика

21:40 23 Тамыз 2021

Өңірімізде «Ashyq» жобасына қатысушылар арасында үздіктер анықталды. Жергілікті Кәсіпкерлер палатасы ұсынған ақпарға сүйенсек, соңғы екі аптада жиырма сегіз мекеме келушілерді тың қосымша арқылы өзгелерден көп тіркеген.

Арнайы топқа енген нысандар әртүрлі бағытта қызмет көрсетеді. Мысалы, он бірі – қоғамдық тамақтану орны. Үшеуі жайғастыру және демалыспен айналысса, сегізі білім беру саласында құрылған. Тізімде екі фитнес-клуб, екі сауда орталығы мен бір СПА және монша кешені де бар. Ең көп мәртебесін анықтау жайты қаламыздағы «Dostyq Mall» сауда және ойын-сауық орталығында тіркелді. Мұнда жетпіс мыңнан астам адам қосымша көмегіне жүгінген. Айта кетейік, үздіктердің қатарында аудандық жердегі нысандар да бар.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

А.Исаков: “Семейный” “Магнумға” айналады
«Бастау» жобасына – 5 жыл