МТРА жаңалықтары

Театр труппасы 5 адаммен толықты

Жаңа маусым қарсаңында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 4 актер және 1 театр суретшісімен толықты. Өнер жолын қасиетті қара шаңырақта бастауға ниет танытқандардың дені – жоғары оқу орындарын биыл аяқтаған жастар. Солардың бірі – Ернар Бақтыбай. Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі қазіргі таңда әріптестерімен бірге шеберлігін шыңдау үстінде.

Ернар Бақтыбай, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актеры:

– Петропавлға деген жеке өзімнің қызығушылығым болды. Қазақ өнеріне өз үлесімді барынша қосқым келеді. Әзірге басты рөлдерге дайын емеспін. Өйткені, театрымыздың үлкендері бар. Әзірше солардың айтқандарын тыңдап, үлгі алып, үйреніп жүре тұрамыз.

Өнерсүйер қауымның құлағына алтын сырға! Театр маусымының шымылдығы 14-ші қыркүйекте ашылмақ. Теріскейлік таланттар көрермендерге
Кеңес одағының батыры Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдық мерейтойына арналған қойылым ұсынбақшы. Бұл спектакльге қара шаңырақтың тәжірбиелі актерлерімен қатар, ұжымға енді қосылған жастары да қатыспақ.

Дәурен Тойбазаров, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Жазғы демалыстан шыға салысымен, әл-Фараби спектакльін қойған Фархатбек Канафин деген режиссермен келіссөз жүргіздік. Осы азамат келіп, қазір спектакльді дайындап жатыр. Қазақстанға танымал басқа да режиссерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Жалпы, биыл қара шаңырақта 4 премьера сахналанбақ. Ұжым бірнеше фестивальге қатысуды да жоспарлап отыр. Алқашқысы кыркүйек айының соңында Көкшетау қаласында өткізілмек.

Алдияр Айтпаев