COVID-19: Қазақстан

СҚО-да той-томалақ тыйылар емес

Солтүстік Қазақстан облысында той-томалақ тыйылар емес! Өңір аумағындағы мониторингілік топтар 7 күнде санитарлық нормаларды бұзудың 28 фактісін тіркеді. Тамыздың 20-сы күні Петропавлдағы “Береке” шағын ауданында туған күн кеші өтіп жатқан коттедж анықталды. Іс-шара ұйымдастырушысы жауапқа тартылмақ.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша материал жиналып, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Нақты шешімді аталған ведомство қабылдамақ. Естеріңізге сала кетейік, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қазіргі уақытта облыста салтанатты іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бүгінде өлкемізде құрамына 160-тан астам түрлі мемлекеттік орган өкілі кіретін 24 мобильді топ құрылған. Алдағы уақытта рейдтер мен тексеріс жұмыстары жалғасын таппақ.

Байболат Култанов