Білім

Қозыбаев университетінде оқу ақысы өсті

Қозыбаев университетінде оқу ақысы артты. Өзгеріс 1-ші қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осыған дейін қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылған мамандық студенттері жылына кемінде 145 мың теңге төлеп келген болатын.
Енді бұл санаттағы жандар үшін ең минималды мөлшер 270 мыңды құрамақ. Дәстүрлі оқу форматындағы бакалаврларға тоқталар болсақ. Көрсеткіш 395 мыңнан 445 мың теңгеге дейін жоғарылаған. Қара шаңырақтағы білім бағдарламаларының 90 пайызы 50 мың, қалғаны 60 мыңға қымбаттайды. Орын алатын өзгерістерді Ерлан Шұланов былайша түсіндірді. Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректорының сөзінше, басты мақсат – оқыту сапасын ақсаңдатпай, керісінше арттыру. Ол үшін кадрлар қатарын білікті оқытушылармен толықтыру керек. Мықты ұстаздар кезінде айлықтың төмендігінен, мектептерге ауысқан көрінеді.

Ерлан Шұланов – Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректоры:

– Қыркүйектің бірінен бастап оқытушылардың жалақысын арттырамыз. Ең кемі ұстаздар 200 мың теңге алатын болады. “Бұл – лайықты еңбекақы”,- деп ойлаймыз. Педагогтардың айлығын өсіру ақшаға келіп тіреледі. Сондықтан, оқу ақысын арттырамыз. Өзгеріс магистранттар мен докторанттарды айналып өтеді. Себебі, оқытушыларға негізгі жүктеме бакалавр студенттерінен түседі.

 

Эльмира Садвокасова