Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жастармен құрылыс алаңдарын аралады

Тамыздың 19-ы – өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов белсенді жастармен бір автобуста отырып, өлкедегі егістік алқаптары, құрылыс нысандардарымен танысты. Жиналған топ алдымен Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылына ат басын бұрды. Айта кетейік, соңғы жылдары елді мекенде ауыз толтырарлықтай оң өзгерістер орын алған.

Нұрлан Мұхаметжанов – Лесное ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:

-Ауылдың инфрақұрылымы дамып келеді. Былтыр «Дайындық-Агро» серіктестігінің қаражатына 1,5 шақырым жерге асфальт төселді. Яғни, жолдың барлығы асфальтталды. Ауылда қоғамдық моншаның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, мектеп те күрделі жөндеуден өтіп, үлкен спортзал салынған болатын.

Кезек «Дайындық-Агро» серіктестігінің егістік аумағына да келіп жетті. Құмар Ақсақалов мұндағы аграрийлердің жұмысын жоғары бағалады. «Тиісті күтім мен минералды тыңайтқыштар жақсы нәтиже беруде», -дейді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрғақшылық жылына қарамастан, біраз өнім алып отыр. Биыл 20 центнерден алуда. Бүгінгі күні урожай 8-10 центнерден басталып отыр. Бұл – әзірге ең төмендері. Шамамен 10 күннен кейін жақсылары басталады.

Биыл жазда жауынның аз болғаны мәлім. Сонда да жиналып жатқан өнімнің көлемі мен сапасы көңіл қуантарлық. Біржан Шаймерденовтың айтуынша, соңғы жаңбыр дақылдардың өсуіне мол септігін тигізген.

Құмар Ақсақалов белсенді жастармен бірге бидай сапасын тексеріп көрді.
Ауыл-аймақтан кейін құрам Петропавл электротехникалық зауытына аттанды. Мұндағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап қалған. Жуық арада арнайы қондырғылар орнатылады екен. Жұмыс күші -негізінен жастар.

Сайдулла Қожабаев – инвестор:
-Бізде барлығы жүйеленген. Маманның ақыл-есі түзу болса, әрі қарай алып кетеді. Сондықтан, кім не істеу керек, қандай бизнес процесстер бар – мұның барлығы жазылған. Бүгінгі күнде мұнда сатып алу бойынша Орал қаласынан 4 маман келді.

Жол-жөнекей әкім мен жастар Қозыбаев университеті аумағында салынып жатқан оқу-лабораториялық корпусына барды. Жоспар бойынша биыл құрылыс аяқталуы тиіс. Сосын керекті жабдық, қондырғылар алынады.


Ерлан Шұланов – Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректоры:
-Оборудование сделано таким образом, когда вы придете на будущие свои рабочие места в области, то примерно будете заниматься на том же технологическом уровне, на котором вы учились. Производство и обучение будут на одном технологическом уровне.

Университет ректоры АҚШ тың Аризона университетімен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Оқытушылар біздің қалада тұрып, сабақ берулері үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Яғни, білім беру бағдарламасының 30 пайызын өңірге келген ұстаздар өткізбек. Сапардан салынып жатқан көпсалалы аурухананың құрылысы да шет қалмады. Болашақта емделу аймағында зерттеу жұмыстарына арналған үлкен лабораториялар мен дәрігерлер тамақтанатын орын болады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрылыс жобасы Түркияның Маниса қаласындағы аурухаға қарап әзірленді. Бізде тура сол жақтағыдай аурухана бой көтеретін болады. Және онкологиялық ауруларды емдеу үшін өте қымбат радиологиялық диагностика жұмыс істемек. Мұндай аппараттар әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана бар. Бізде ондай 2 қондырғы орнатылатын болады.

Болашақ – жастардың қолында. Сол үшін өңір басшысы облыс төңірегінде жасалып жатқан істермен жас буынды таныстырып шықты. Олар да өз кезегінде зор қызығушылық танытып, сапардан керемет әсер алғандарын айтады.

Бақытжан Тұрсын – химия-биология бағытындағы НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

– Менің ойымша, СҚО-да жасалып, салынып жатқан түрлі кәсіпорындар мен заводтар облыстың болашақта жоғары деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Біз университет төңірегінде үлкен ғимараттың салынып жатқанын көрдік. Болашақ ғалымдар сол жерде өздерінің тәжірибилерін шыңдап, ғылым саласының дамуына зор үлес қосады деп ойлаймын.

Мұнда ерекше экскурсиялар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Алтынай Казиканова