ХҚКО-ларда міндетті брондау болмайды

Әр түрлі

23:15 20 Тамыз 2021

23-ші тамыздан бастап қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесі
қолданылады.
Яғни, келуші аталған жаңашылдық арқылы мәртебесін анықтап, ішке өтеді. Осылайша, өзіне қажет қызмет алады. “Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді, бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиынға соқты. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер бұдан былай мемлекеттік қызметтерді міндетті алдына ала брондаусыз ала алады”, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Әділ Қожықов. Сонымен қатар, енді келушінің мәртебесі талон беру кезінде де тексерілмек. Терминалда клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз