Билік

Биыл 635 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған

Биыл 1100-ден астам солтүстікқазақстандық мемлекеттік қызметші қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарынан өтпек. Бүгінге дейін
мамандардың 635-і арнайы оқытуға қатысып үлгеріпті.
Қайта даярлау 3 жұмаға созылады. Ал, біліктілікті арттыру сабақтары 3-7 күнге жалғасады. Осы аралықта жерлестеріміз өз салалары бойынша семинарларға ат салысады. Мұнда заңды және жеке тұлғаларға сапалы қызмет көрсету бағытында кеңес алады. Тәжірибелі мамандарға көкейдегі сұрақтарын да қояды. Бүгін қайта даярлау курстарынан өткен 13 қызметкер өз жобаларын таныстыруда. Карантиндік шектеулерге байланысты жұмыстар онлайн режимде қорғалуда.