Бизнес және экономика

“Петропавл электротехникалық зауыты” жас мамандарды жұмысқа қабылдауда

Бегалы Рахымбаев Жамбыл облысының тумасы. Осыдан 5 жыл бұрын азамат мектепті бітіріп, «Серпін» бағдарламасы бойынша Kozybayev University-не оқуға түскен. Таңдаған мамандығы – радиоэлектроника. Дипломын алғасын Бегалының таңдауы қаламыздағы «Петропавл электротехникалық зауытына» түскен. Қазіргі таңда маман осы кәсіпорында еңбек етіп жүр.

Бегалы Рахымбаев – Қозыбаев университетінің түлегі:

– Оқуды бітіре сала осында келдік. Жұмысты зауыт құрылысынан бастадым. Кейіннен басшылық жоғары білімімнің бар екенің біліп, жоғары лауазымды қызметті ұсынды. Қазіргі таңда сатып алу бөлімінің басшысы болып жұмыс жасап жатырмын.

«Айлығы жақсы, тұратын баспана жағынан да қиыншылық жоқ. Жұмыс жасауға барлық жағдай қарастырылып отыр»,- дейді жас маман. Жалпы, «Петропавл электротехникалық зауытына» «Серпін» бағдарламасы бойынша оқу бітірген 19 маман жұмысқа алынған екен. Ал, жоспар бойынша кәсіпорын 3 мың жанды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Өміржан Джусиев, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС бөлім басшысы:

-Зауыттың құрылысы 2020-шы жылдың мамыр айында басталған екен. Көп ұзамай зауыт іске қосылады. Кәсіпорын кернеуі 6-10 киловольт болатын, ал, қуаттылы 25-тен 2500 дейінгі киловольт-амперге татитын трансформаторды шығарумен айналысады.

Зауыт қыркүйек айында іске қосылады. Кәсіпорынның қуаты жылына 13-мың трансформатор құрастыруға қауқарлы. Зауыт өнімін Ресей нарығына шығаруды жоспарлап отыр.