Балалар

2022 жылы мұғалімдердің жалақысы көтеріледі

2022 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Бұл жайында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Мәселен, бұрын бір сыныпта 30 оқушы болса, кезекші сыныптарда 15 бала болатын. Осындайда бір сынып екі топқа бөлінеді.

Сәйкесінше мұғалімнің жүктемесі де артады. Сол үшін енді қосымша ақы төленетін болады. Егер жеке жүктемесі 28 сағатқа жетсе, сол уақыттың еңбекақысын алады. Мұғалімдерге дәптер тексергені үшін бұрынғыдан екі есе көп ақша беріледі және магистрлік дәрежеге 27 мың теңге беріледі. Әрі мектеп басшылығы мен сынып жетекшісінің жалақысы да көтерілетін болады. Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы педагогтарды қызметке қабылдау жүйесі өзгеретінін айтты. Бұрын мұғалімдерді жұмысқа директор қабылдаса, енді бұл шаруа электронды форматтағы конкурс арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін бірнеше талаптар бар. Арнайы комиссия сол бойынша шешім шығаратын болады.